Сұрақтар
Жиі қойылатын сұрақтар
Жиі қойылатын сұрақтар
Өлшемді қалай таңдау керек?
- Табаныңызды қағаз парағына қойып, дене салмағын соған түсіріңіз.
- Табан контурын артық жер қалдырмай айналдыра сызыңыз.
- Осы әрекетті екінші табаныңызбен қайталаңыз.
- Өкшенің ортасынан бірінші немесе екінші башайдың ұшына дейінгі арақашықтықты өлшеңіз.
- Екі аяқтан шыққан нәтижелердің ең үлкенін таңдаңыз.
Аяқ киім қай мезгілге арналған?
Жүннен жасалған киіз жылуды жақсы сақтайды, сондықтан аяқ киімді күзде, қыста және ерте көктемде киюге болады. Материалдың табиғи ауа өткізгіштігі аяқтың жайлы әрі құрғақ болуына мүмкіндік береді.
Киізге қалай күтім жасау керек?
- Флаконды жақсылап шайқаңыз.
- Щеткаға қажетті мөлшерде көбік жағыңыз.
- Аяқ киімнің бүкіл бетіне абайлап біркелкі жайыңыз.
- Көлеңкеде, күн сәулесі мен батареядан алыс кептіріңіз.
Киіз аяқ киімді кір жуғыш машинада жумаңыз: киіз кішірейіп қалуы мүмкін. Күтімге арналған жиынтық.
Аяқ киімді ауыстыруға бола ма?
Иә, Алматыдағы бутигімізде чексіз және мерзімге шектеусіз ауыстырамыз. Толығырақ — Ауыстыру бетінде.
Басқа қалаға жеткізесіздер ме?
Иә, бүкіл Қазақстан бойынша. Толығырақ — Жеткізу бетінде.